Алматы облыстық полициясының ақпаратынша, Іле ауданындағы металл қабылдау пункттерінің бірінде белгісіз зат жарылған.
«Белгісіз зат жарылып, үш адам қаза тапты. Олардың денелері оқиға орнынан табылды. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді», - деп хабарлайды облыстың полициясы.
Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғаған, тергеу жүріп жатыр.