БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Польша аумағына дрондардың кіруіне байланысты шұғыл жиын өткізеді

Польша СІМ-нің мәліметіне сәйкес, Варшава кеңесті шақыру туралы өтініш жолдаған.  

Елдің шығысынан белгісіз ұшқышсыз аппараттар кірген. Бір дрон құлап, жеке тұрғын үй мен жанында тұрған автокөлікке зақым келтірген. Қалғаны дер кезінде залалсыздандырылған. Польша билігі бұл қадамды ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп бағалап отыр.