Ірі инвесторларға салынған айыппұлдардың күші жойылды

Жетісу облысында маңызды инвестициялық жобаларды қолдау, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша дәйекті жұмыстар жалғасуда.

«Прокурорлық сүзгімен» облыстағы 2 ірі инвесторды прокурордың келісімінсіз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады.

 Талдықорған қаласының полиция басқармасы «Алмаз Керамикс» ЖШС керамикалық плитка шығаратын зауытқа және «Қайнар-АКБ» ЖШС аккумулятор шығаратын зауытқа екі рет айыппұл салған.

Талдықорған қаласы прокурорының қадағалау актілері бойынша 300 мың теңгеден астам айыппұл салынған әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды.