Қазақстанда жүргізуші куәліктерінен электронды чип алып тасталмақ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Жаңа түзетулер бюджет шығынын азайтып, құжаттарды дайындау процесін жеңілдетуге бағытталған. Себебі чип-модульдерді енгізу қосымша қаражатты қажет етеді. Ал азаматтарға қатысты барлық мәліметтер қазірдің өзінде мемлекеттік дерекқорлар мен ақпараттық жүйелерде бар.
Құжат жобасы 22 қыркүйекке дейін “Ашық НҚА” порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды.