Гранттар 72 жоғары және орта білімнен кейінгі оқу ұйымдары арасында бөлінді.
Санаттар бойынша мына талапкерлер студент атанды
2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының балалары – 1;
Жетім балалар немесе кәмелет жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар – 135;
Мүгедектігі бар тұлғалар – 86;
Әлеуметтік аз қамтылған ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы отбасылардан шыққан талапкерлер – 65;
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан тұлғалар – 162.
Үш жыл ішінде «Қазақстан халқына» қорының бағдарламасы аясында 93 жоғары және орта білімнен кейінгі оқу орнынан 3 859 студент грант иегері атанды.
Ал биылғы жылғы грант иегерлерін қоса есептегенде, қордың қолдауының арқасында барлығы 4 308 студент жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болды.