Парламенттік реформа - Президентіміздің Әділетті және Қуатты Қазақстан құру жолындағы байыпты бағдарының логикалық жалғасы. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Президент Жолдауына қатысты осындай пікір білдірді. Ол бір палаталы Парламент құруға қатысты соңғы шешім халықтың пікірін ескере отырып қабылданатынын айтты. Бұдан бөлек, Сенат төрағасы жолдауда көрсетілген барлық бағыт бойынша тиісті заңнамалық құжаттар жыл соңына дейін қабылданады, деді.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлы мемлекетке айналуға тиіс деп нақты мақсат қойды. Мұндай қадам Қазақстанның барлық сектордағы әлеуетін айтарлықтай арттырып, экономика мен әлеуметтік саланы сапалы жаңа деңгейге шығаруға жол ашатын болады. Жалпы, Президентіміздің биылғы Жолдауын Қазақстанды жаңғыртудың жаңа замандағы кешенді жол картасы деп қабылдаймыз.