Қызылордада жол құрылысында цифрлық жүйені тиімді пайдалануда

Қызылордада жол сапасын бақылайтын орталық бүгінде қағазбастылықты азайтып, цифрлық платформаны қолға алып жатыр. Ұлттық сапа орталығында алынған сынамалардың барлығы арнайы планшеттер арқылы жүйеге автоматты түрде тіркеледі. Асфальттың құрамы толық зерттеліп, электронды түрде қолжетімді болады. Бұрын кабинеттерді аралап, құжат парақтап жүретін мамандардың да бір-бірімен ақпарат алмасу мүмкіндігі кеңейген. Олар алда бұл бағыттағы жұмыстарды дамытып, жетілдіру керек деп есептейді.

МАҒЖАН ҚАСЫМХАН, ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы қазіргі таңда цифрландыру жүйесін дамыту мақсатын алға қойды. Міндетті болып саналады. Қазіргі таңда асфальттың қоспасы бар, керн сынамалары, тас-щебень сынамалары бар солардың барлығы бізде цифрландыру бағдарламасынан өтеді.