"Таза бейсенбі" экологиялық акция жалғасуда

Бүгін Шығыстағы Самар ауданына қарасты Бастаушы ауылында {КСМ:} педагогтар, депутаттар, партия мүшелері, жастар мен еріктілер туған жерін абаттандыруға өз үлестерін қосты. Акция аясында қатысушылар алдымен өрт қаупін тудыруы мүмкін қураған шөптерді шапты.

АЙНҰР ОТАРШИНА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САМАР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің сөйлеген сөзінде тәртіп пен тазалық, қоғамдық салт-сананың нақты көрінісі деген болатын. Енді барша Қазақстандықтарды өз ауламызды, өз ауданымызды,өз облысымызды тазза ұстауға шақырамыз!

Тараздықтар да «Таза бейсенбі» акциясы аясында «Тектұрмас» этномәдени кешені маңын тазартты. Эко шараға 50-ден аса адам қатысты. Олар тарихи орынның айналасын қоқыстан тазартып, абаттандыруға атсалысты. Бұл шара тек партиялықтарды ғана емес, тұрғындарды да қоршаған ортаны таза ұстауға шақыруға бағытталған. Биылдың өзінде өңірде акцияға 1600-ден астам адам қатысып, 29 тоннадан астам қалдық жиналды.

УАЛИХАН БОЛАТБЕК, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін осы Тектұрмас кесенесінің айналасында тазалыө бұмыстарын жүргізуді қолға алып жатырмыз. Мұнда қазір «Аматан» партиясының белсенді мүшелері, бастауыш партия жетекшілері, «Жастар рухы» жастар қанатының жетекшілері, сонымен қатар отбасы күніне орай отбасымен шығып тазалыққа үлес қоысып жатқан отбасылар да бар.