Биылғы Жолдауда жастар саясатына ерекше көңіл бөлінді. Бұл ел дамуының бағытын айқындайды. Cаяси ғылымдар докторы, профессор Венера Жексембекова осылай дейді. Ол Жоғары сот кеңесінің жанындағы сот төрелігі академиясының білім алушыларымен өткен жиында патриоттық тәрбиенің қажеттілігіне де ерекше тоқталып өтті. Сөзінше, мемлекетшіл азамат – қоғамның тірегі.
ВЕНЕРА ЖЕКСЕМБЕКОВА, ҚР ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ СОТ ТӨРЕЛІГІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ:
Қазақстанда Президенттік кадрлық резерв деген бар. Сол жоспар бойынша біздің жастарымыз көптеген қызметке араласып жүр. Кадрлық резервте өздерін көрсете білді. Қасым-Жомарт Кемелұлы "жастардың көптеген еңбектері бар, соны біз бағалай білуіміз керек" деп Жолдауда айтып кетті.