"Қазақстанда туризм саласы оң бағытта дамып келеді" - тұрғын

Қазақстанда туризм саласы оң бағытта дамып келеді. Ел тұрғындары Президенттің туристік аймақтардағы инфрақұрылымды жаңғырту бастамасын қолдап отыр. Бұдан өзге азаматтар Жолдауда айтылған самокаттарға қатысты Заңды жетілдіру мен суға байланысты ысырапты атап өтті.

БЛИЦ:

- Мен ойлаймын, біздің Президент туризм туралы өзінің Жолдауында өте жақсы маңызды сәттерді атап өтті және де алдағы уақытта тек қана елімізде туризм дами береді деген ойдамын.

- Жасанды интеллект білім саласына енгізіліп жатыр ғой. Оның көптеген жақсы жақтары бар, пайдасы да бар.

- Мемлекеттік қызметтерде құжаттар жағы цифрландыруға көшіп жатыр, бұрынғы қағазбен жазатын нәрселер азайып жатыр. Дамып жатыр. Әсіресе банк жүйесі Қазақстанда дүние жүзі мойындап жатыр.

- Жас ана ретінде мен Президенттің Жолдауындағы самокаттарды реттеу бастамасын толық қолдаймын. Өйткені баламен серуендеп жүргенде жаныңнан самокат зуылдап өткенде ол өте қорқынышты.

- Президенттің Жолдауында айтылғандай су - стратегиялық ресурс, оны тиімді пайдалану әр азаматтың, әр сала маманының және билік өкілінің жауапкершілігі.

- Күнделікті өмірде біз суды көп пайдаланатын сияқтымыз. Біз ол судың қадірін білмей жатқан сияқты боп өзім солай ойладым.