Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2025

Президентке елдегі заң үстемдігінің жай-күйі мен прокуратура қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері баяндалды.

Берік Асылов:
 арнайы прокурорлардың қоғамда резонанс тудырған және мемлекет мүддесіне, сондай-ақ азаптауға қатысты аса маңызды қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысы жөнінде есеп берді.

Биыл арнайы прокурорлар сотқа 55 қылмыстық іс жолдап, соның негізінде 112 адам сотталған. Тағы 80 іс соттардың қарауында жатыр. Арнайы прокурорлар тексерген істер бойынша жалпы сомасы 14,4 миллиард теңге залал өтелді.

қылмыстық жолмен тапқан кірістерді іздестірудің жаңа тәсілдері мен оны ел экономикасына пайдаланудың перспективасы жөнінде мәлімет ұсынды.

Қозғалған қылмыстық істер бойынша жалпы құны 105 миллиард теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Соның ішінде прокурорлар басқа да құқық қорғау органдарымен бірге тек есірткіге қарсы істер бойынша 15 миллиард теңгеге жуық активтерді қолға түсірген.
активтерді қайтару мәселесі туралы да айтты.

Екі жыл ішінде прокуратура органдары арқылы 850 миллиард теңгенің активтері қайтарылды. Бұл қаражат өңірлерде 400-ге жуық әлеуметтік және коммуналдық нысан салуға жұмсалады. Бүгінде 60 ғимараттың құрылысы аяқталған.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында және бизнесті белсенді қолдау үшін Бас прокуратураға қарасты ведомствоның атауы өзгермек. Жаңа формат инвестицияға оңтайлы жағдай жасап, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

Президент:
барлық салада заңдылықты қамтамасыз ету және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
құқық қорғау және мемлекеттік органдардың алаяқтыққа, есірткі саудасына, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, вандализмге қарсы іс-қимылын, бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермеу жұмыстарын тиімді үйлестіру маңызды екенін атап өтті.