Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Президентке заң үстемдігін қамтамасыз ету және прокуратура қызметінің негізгі бағыттары баяндалды. Арнайы прокурорлар биыл сотқа 55 істі жолдап, 112 адам сотталған. Жалпы 14 миллиард теңгеден астам залал өтелді. Қылмыстық жолмен алынған 105 миллиард теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынған. Соңғы екі жылда прокуратура арқылы 850 миллиард теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды. Бұл қаражат өңірлерде әлеуметтік және коммуналдық нысандар салуға жұмсалуда. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық салада заңдылықты күшейтіп, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуды тапсырды.