«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында кезекті көшпелі қабылдау өтті

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек»  жобасы аясындағы көшпелі қабылдау өтті. Кезекті шара мегаполистегі ірі сауда орталықтарының бірінде ұйымдастырылды. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанттары Сағындық Жылқыбаев пен Әсел Қожахметова, сондай-ақ қала және аудан әкімдігінің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен кәсіби заңгерлер қатысты. Олар көпшілік орынға келген тұрғындардың жеке өтініштері мен арыз-шағымдарын қабылдады. Кездесу барысында азаматтар сапалы ауыз су және балалар ойын алаңшаларын салу, жол жөндеу, жарықтандыру мәселелерін көтерді.

ЕРБАТЫР АЛИМОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жан жағымдағы көрші көшелерде бар, біздерде жоқ. Сол мәселе. Көшем қараңғы. Түнімен әркім мусор тастап, бізді әбіржітіп жатыр қараңғы болғаннан кейін. Ол бір. Екінші  мәселе, көшемнің нөмірлері дұрыс емес. Біздің ұзына бойы алтынқорға көшесінде екі 18 бар.  

САҒЫНДЫҚ ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ БАС КОНСУЛЬТАНТЫ:

Жергілікті мәселелер көбінесе.  Бұл сұрақтардың бәрін біз бақылауға алдық. Енді бұны бүгін ертең шешіледі деп айта алмаймыз. Бұның шешу жолдарын қарастырып, түсіндірме жұмыстарын беріп жатырмыз.