Павлодар облысында 7 әлеуметтік нысан әлі күнге дейін қолданысқа берілмеді

Павлодар облысында  7 әлеуметтік нысан әлі күнге дейін қолданысқа берілмей келеді.  Оның ішінде  медпункт, өрт сөндіру бекеті секілді халыққа аса қажетті  қызмет көрсету орындары бар. Бұл мәселе «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының қоғамдық кеңес өкілдерімен бірлескен отырысында көтерілді. Мыңкөл ауылындағы медициналық мекеме  былтырдан бері бітер емес.  Жауапсыз мердігер құрылысты жарым жартылай салып, тастап кеткен. Қазір құрылыс жұмыстары қайта жанданды.Жиында «AMANAT» партиясының төл бағдарламалары да сөз болды. Өткен жылы «Қарызсыз қоғам» бағдарламасы аясында 845 мың адам қаржылық сауаттылығын арттырды. Бұл бастаманы Президент биылғы жолдауында да қолдаған болатын. Түпкі мақсат азаматтардың қарызын азайту емес, табысының тұрақты болуын қамтамасыз ету.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Қарызсыз қоғам» бағдарламасы бойынша 17 млн-нан астам қазақстандыққа қаржылық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік берілді. Екінші «Таза Қазақстан» бұл да «AMANAT» партиясының қолға алып, үнемі жасап жүрген шараларының бірі. «Таза Қазақстан» деген әр сенбі сайын көшеге шығып, көше сыпыру емес, ол әр азаматтың өзін қоғамда ұстау мәдениеті. Осы мәдениетті әрі қарай дамыту керекпіз.