Қазіргі заманда кәсіби спортты қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырған жөн. Осылай деген Президент бұқаралық спортты ары қарай дамытуды тапсырды. Қасым- Жомарт Тоқаев аймақтарда спорт нысандары бой көтеріп, үйірмелер қолжетімді бола бастағанын айтты. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға және егде адамдарға арналған спорт клубтары ашылып жатыр. Сондай-ақ кәсіби спорт саласында оң өзгерістер бар. Шетелден келген спортшыларға бюджеттен қаржы бөлуді шектейтін арнайы заң қабылданды. Қазір Футбол клубтарын жекешелендіру жүріп жатыр. Дегенмен футболды коммерцияландыру ісін жалғастыра беру керек,- деді Президент.
БЕРІК ДОСЫМБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
Бұқаралық спортсыз кәсіби спортшы да болмайды. Себебі бұл- кәсіби спорттың негізі. Сондықтан бұқаралық спортты барынша дамытуға тырысып жатырмыз қала деңгейінде. Өткен жылдың нәтижесі бойынша 40 пайызға жуық халық қазіргі таңда жүйелі түрде спортпен айналысады. Оның ішінде іртүрлі жастағы, әртүрлі санаттағы халық, қала тұрғындары.