Астанада ұзақ жыл отасқан өнегелі отбасыларға құрмет көрсетілді. Арасында күміс тойдан өтіп, алтын тойға жетіп, оны гаухар тойға ұластырғандар бар. Бұл егде жастағы азаматтардың жағдайын жақсартуға арналған "Белсенді ұзақ өмір сүру" атты шара аясында ұйымдастырылып отыр.
Отасқандарына 55 жыл болған Мұхитдин Байымбетов пен Өріс Яшүкірқызының ұзақ әрі баянды ғұмыр кешуінің өз сыры бар. Сөздерінше, мінсіз отбасы болмайды, тек қиын сәттен шадамдылық танытып, бірге өту керек дейді.
ӨРІС ЯШҮКІРҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мына ерлі -зайыптылар көп ажырасып жатыр, бала, әйел де кетіп жатыр, балалар әкесіз өсіп жатыр. Қазір екі жақта қағида бар, әйелдер күйеуін менсінбей жатыр. Күйеуіне қарамай кетіп жатыр деп, жігіттер көп жағдайда әлсіз болып бара жатыр, сондықтан да жігіттерге мықты болуы керек.
"Белсенді өмір сүру орталығына" қаладағы 16 мың зейнеткер келіп сауықтыру, мәдени бағытында қызмет алады. Ансамбль құрып, шығармашығын шыңдап жүр. Орталықта жалғызбасты 6 жұп қосылып, отбасын құрыпты.
ИБРАҺИМ ӘЛІМБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мен баяниспен өлең айтып тұр едім, Сағыныш сазы деген өлеңді, бұл кісі ұйып тыңдап отыр екен. Қасына барып есімің кім десем бір ай болды сізге келгелі әлі мені танымайсыз ба деп сүйдеді. – Мен бұл кісінің өзіне емес, әніне ғашық болып отырғанмын.
Қазақстанда қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі Отбасы күні атап өтіледі. Осы мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған бұл шара адамгершілікке негізделген ерлі-зайыптылықты насихаттаудың жарқын көрінісі.