Қазақ киносының күніне орай Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» көркем фильмі көрсетілді

Қазақ киносының күніне орай Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі режиссер, сценарист әрі продюсер Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» көркем фильмінің көрсетілімі өтті. Қазақ киносының күні – ұлттық кинематографияның  90 жылдан астам тарихын, рухани құндылықтар мен мәдени мұрамызды дәріптейтін маңызды күн. Сламбек Тәуекел өз еңбегімен қазақ киносының дамуына елеулі үлес қосып, жаңа буын режиссерлер мен актерлердің қалыптасуына ықпал еткен тұлға ретінде құрметтеледі.

САТЫБАЛДЫ ТЕКЕЕВ, КИНОРЕЖИССЕР:

Корея халқының азаматы Лавренти Цон дегенмен азамат пен Сламбек Тәуекел сценарийін жазып, осы "Жерұйық" киносын түсірді. Бұл сол жерұйық кореи халқының сол кездегі келіп қазақ халқының арасына сіңіп, қазақ халқымен бірге осы Қазақстанда егемендік жеткізгенге дейінгі жағдайды түсірген фильм.