Конго Демократиялық Республикасының батысындағы Экваториаль провинциясында жолаушылар катерінің апатқа ұшырауы салдарынан алдын ала мәліметтер бойынша 86 адам опат болды, деп хабарлайды Astana TV.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Баринга өзені бойымен Басанкус ауданында жүріп келе жатқан моторлы қайық белгісіз себептермен аударылған. Жақын маңдағы ауыл тұрғындарының көмегімен сегіз адам құтқарылып, аман қалды.
Қайғылы оқиғаның себебі ретінде қайықтың артық жүктелуі мен түнгі уақытта жүруі қарастырылып отыр.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Сол уақытта қайықта болған адам саны нақты анықталмаған.
Тропиктік климаттағы, ормандарға, өзендерге және көлдерге бай елде ірі қалалардан тыс жерде транспорт жүйесі әлсіз дамыған. Сондықтан көпшілік тұрғындар суды тасымалдау жолдарын жиі қолданады. Алайда ескірген, артық жүктелген кемелерді жиі пайдалану қайғылы оқиғаларға әкеліп отыр.