Шымкентте көлік жарылып кетті

13 қыркүйек күні Шымкентте Audi-100 маркалы жеңіл көлік жарылып, жүргізушісі жарақат алды, деп хабарлайды Astana TV.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің иесі беті мен екі қолынан күйік алып, ауруханаға жеткізілген.

Жарылыс кезінде автокөлікте орнатылған газ жабдығының ақауы себеп болуы мүмкін. Қазір мамандар оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр.

Медициналық мекеме дәрігерлері зардап шегушінің өміріне қауіп жоқ екенін, бірақ күйік жарақаттарының емделуін қажет ететінін хабарлады.