Дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар өңірінде 14 қыркүйекке арналған дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Astana TV.

Атырау облысы – төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы – орталықта және солтүстікте шаңды дауыл, жел 15–20 м/с, өңірде төтенше өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысы – кей жерлерде найзағай, батыста жел 15–20 м/с, Ақтауда түнде найзағай күтіледі.

Жамбыл облысы – таулы аудандарда найзағай, желдің екпіні 23 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Түркістан облысы – жел 15–20 м/с, шаңды дауыл болуы ықтимал.

Қостанай облысы – түнде және таңертең тұман, солтүстік-батыста –3°С дейін аяз.

Солтүстік Қазақстан облысы – түнде және таңертең тұман, солтүстік пен батыста –2°С аяз.

Ақмола облысы – түнде және таңертең тұман, кей аймақтарда –3°С дейін аяз.

Қарағанды облысы – түнде және таңертең тұман, солтүстікте –2°С аяз. Кей аймақтарда желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысы – жел 15–20 м/с, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы – жел 20–25 м/с, кей жерлерде туман.

Абай облысы – түнде батыста –2°С аяз, күндіз жел 15–20 м/с.

Жетісу облысы – Алакөл көлдері маңында күндіз желдің екпіні 28 м/с дейін күшейеді.

Түнде және таңертең тұман, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.