Нәресте ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде тасымалданды

ШҚО-да «Қазавиақұтқару» тікұшағы Зайсан – Өскемен бағыты бойынша санитарлық рейсті орындады. Сәбиге шұғыл медициналық көмек қажет болды.

Операцияны ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Сергей Пинигин мен Бауыржан Бұтенбаев санитарлық авиация дәрігерлері Рафаиль Халитов және Бек Асаубаевпен бірлесіп орындады. Ұшу сәтті өтті.

 Бала медициналық мекемеге жеткізілді.

Ұшқыштардың жұмысы шұғыл көмек көрсету жүйесіндегі маңызды буын болып қала береді, қысқа мерзімде адам өмірін құтқаруды қамтамасыз етеді.