ТЖМ қызметкерлері 4 адамды құтқарды

Сәтбаев қаласы, Ерден көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде жиһаз бен үй заттары өртенді.

ТЖМ күшімен өрт сөндіріліп, басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Өрт сөндіру барысында баспалдақпен құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.