Қарағанды медицина университеті мен Қазан мемлекеттік медицина университеті «Медицина» бірлескен білім беру бағдарламасын ашты.
Оқыту екі ЖОО базасында – Қарағанды мен Қазанда күндізгі форматта өтеді. Бағдарламаны игеру мерзімі - алты жыл.
Түлектер екі диплом алады, бұл қосымша аккредиттеуден өтпей Қазақстан мен Ресейде дәрігер болып жұмыс істеуге құқық береді.
Сондай-ақ таңдалған мамандық бойынша Қазақстанда резидентурада немесе Ресей Федерациясында клиникалық ординатурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік беріледі.
Бағдарлама түлектері практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері болып жұмыс істей алады, ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады, сондай-ақ халықаралық медициналық ортада дами алады.
Қабылдау Қазақстандағы ұлттық бірыңғай тестілеу және Ресей Федерациясындағы кешенді тестілеу (БМЕ аналогы) нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
«Медицина» бірлескен бағдарламасы екі жетекші медицина университетінің тәжірибесін біріктіреді және болашақ дәрігерлерге жаңа мүмкіндіктер ашады.