Қызылордада заңсыз аң аулаған күдіктілер қолға түсті. Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамамандандырылған мекемесінің инспекторы және Шиелі аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау полиция тобымен 13 қыркүйек күні Қызылорда облысы Шиелі ауданында УРАЛ мотокөлігі тоқтатылды.
Тексеру барысында мотокөліктің жүк салғышынан жарық шам, атылған 12 қоян, 1 ұңғылы 16 калибрлі ІІО-да тіркеуде жоқ аңшы мылтығы тәркіленді. Күдікті ретінде 32 және 37 жастағы аудан тұрғындары ұсталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция қызметкерлері тұрғындарды табиғат қорғау заңнамаларын бұзбауға шақырады. Сондай-ақ табиғатқа зиян келтіру әрекеттері қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.