10 адам жол апатынан қаза тапты

Жетісу облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша Nissan Cefiro маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, ВАЗ-2114 және Chevrolet Cobalt көліктерімен жанама соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан  10 адам қаза тапты, тағы бір жолаушы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ЖАСҰЛАН БАЙКЕНОВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.  Куәгерлерден жауап алынуда. Оқиға орнында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.