Ақтөбе облысында 100-ден астам киік қырылды

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2025

Ақтөбе облысында киік қырылды. Мамандардың мәліметінше, жүзден астам жануар Қайрақты өзенін кесіп өтпек болған. Ақбөкендер бірін-бірі таптап, суға  тұншығып өлді, дейді. {КСМ} Дала жануары қысқы жайылымға Ырғыз-Торғай резерватынан оңтүстікке қарай бет алған. Өзеннен өткен сәтте киіктер бірін-бірі таптап кеткен.  Қазір олар судан шығарылып, залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.  Су мен жануарлардан сынамалар алынып, тиісті зертханалық талдаулар жүргізілуде. 

ӘДІЛКЕРЕЙ ӘУЕЛБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

10 мың бас киік сол жерден өткен. Өткен уақытта енді қазір судың азаюына байланысты сондай өткелдерде қарасуларда, үлкен терең сорларда су қалады. Содан су ішуге келген. Екінші жақ басы қамыс. Үлкен жар содан өте алмай қалған.