Атырау қаласында қызылордалық азамат 105 жерге есірткі жасырған

Қызылордалық азамат Атырау қаласында  105 жерге есірткі жасырған.  Осылайша  жасырын тығу арқылы сатып, көл-көсір пайда табам деген жоспары жүзеге аспады. Күдіктінің мекен-жайын тінту кезінде өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді заты салынған бірнеше зип пакет тапқан. Кейін 28 жастағы жігіт есірткі түйіншектерін қай жерге тыққанын өзі көрсетіп берген.  Олар 150 грамдай  «Альфа-PVP» және 80 грамм «Мефедрон» синтетикалық есірткі екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. 

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Атырау қаласы аумағында есірткіні жасырын тығу әдісмен  өткізбек болған Қызылорда облысының 28 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.