Жыл басынан бері электросамокаттардың қатысуымен 360-тан астам оқыс оқиға тіркелген

Жыл басынан бері электросамокаттардың қатысуымен 360-тан астам оқыс оқиға тіркелген. {ксм: }Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді. Сондықтан Ішкі істер министрлігіне заңға өзгеріс енгізуді тапсырды. Әзірге, жауаптылар заңға электросомакаттармен тротурада жүруге тыйым салу көзделіп отырғанын айтты .Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілерге қатысты да бақылауды күшейту қажет деді. Мәселен, биылдың өзінде олар 500-ден астам жол-көлік оқиғасына себепші болған. 

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Жол-апаттарының деңгейін төмендету бойынша нақты шаралар қабылдау қажет. Ішкі істер министрлігі тарапынан айтылған ұсыныстарды қолдаймыз. Оларды іске асыруға барлық мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдері тартылуға тиіс.

Қазақстанда жыл сайын 2 мыңнан астам адам жол апатынан көз жұмады. Ал 20 мыңнан астам адам жол-көлік оқиғасынан зардап шегеді. Ішкі істер министрлігі оқыс оқиғаның 90 пайызы жүргізуішлердің кінәсінен дейді.

ИГОРЬ ЛЕПЕХА, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Көлік жүргізу тәртібінің төмендігі – басты себептердің бірі. Жыл сайын полиция 13 миллионға жуық жол ережесін бұзу дерегін анықтайды. Биыл адам өлімі мен ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін ереже бұзушылықтар 20%-ға артты. Қарсы жолаққа шығу фактілері 16%-ға көбейді. 16,6 мың мас жүргізуші ұсталды.