"Инвесторлар Мемлекеттің қорғауында болады", - депутат

Қазіргідей күрделі кезеңде ел дамуы үшін инвестор тарту- кезек күттірмейтін мәселе. Десе де, салада салғырттық аз емес. Билік пен инвестор арасында қарым-қатынас жүйесі -бытыраңқы. Қағазбастылық көп. Президент өз Жолдауында қазіргі инвестициялық саясатқа көңілі толмайтынын айтқан. Бас прокуратураның Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитетін Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет етіп өзгертуді ұсынды. 

БОЛАТБЕК НАЖМЕТДИНҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Бізде инвест штаб бар. Инвестициялық тартымдылық та бар. Кедергілерді алып тастаумен де айналысып жатырмыз. Мемлекет басшысы өз Жолдауында инвестицияға жауапты субъект құру бастамасын көтерген еді. Бұл үлкен қадам. Енді инвесторлар Мемлекеттің қорғауында болады. Бұл тұста, Үкімет тарапынан да оларға жағдай жасалуы керек. Бұл өте өзекті.