"Цифрландыру - болашаққа бастар жол",-тұрғын

Жасанды интеллект пен жаңа технологиялар әлемдік өркениеттің дамуына тың серпін беріп отыр. Мұнан тысқары қалмау үшін еліміз заманауи инфрақұрылымды нығайтып,  цифрлық сауаттылықты арттыру керек. Президент Жолдауындағы цифрландыру-ел дамуының жаңа бағыты дейді тұрғындар.

БЛИЦ:

- Жасанды интеллектінің бізге беретін мүмкіндіктері көп. Әрине, күнделікті өмірімізге кіріп кеткен. Себебі, біз байқамайтын үйдегі ақылды заттар, күнделікті жұмыста қолданатын телефонымыздағы жасанды интеллект бөліктерінің барлығы біздің өмірімізді жеңілдетеді.

- Биылғы жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын әрмен қарай жалғастыру керек туралы айтты. Бұл -өте құптарлық бастама. Себебі, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру әлі де өзекті. Қашанда өзекті. Сондай-ақ бұл жоба арқылы азаматтар өзінің қаржысын нақты қалай игеру керектігін үйренеді.

- Бұрынғы кезде мектептерде STEM зертханасы, роботатехника кабинеттері болмайтын. Осы жобасының басты мақсаты деп ойлаймын. 3 ауысымды системаны жою және қала мен ауыл арасындағы білім теңсіздігін азайту. Яғни, қалада оқысаң да, ауыл да оқысаң да білім сапасы бірдей болады.

- Қай жерге барсаң да  қағаз жүзінде толтырып отырады. Ол дұрыс емес. Күтіп отырамыз, уақыт кетеді. Цифрландыруға көшу керек . Қазіргі уақытта заманауи болуымыз  керек.

- Әлемдік деңгейде біздің қоғамның талабына сай осы жасанды интеллектті дамытуымыз керек барлық сала бойынша. Өздеріңізге белгілі, үш жылда цифрлы мемлекетке айналуымыз керек деді.  Президент бізге бағыт-бағдарды анықтап берді. Біз алға қарап болашақта осымен жұмыс жасауымыз керек.  

- Жасанды интеллекттің пайдалы жақтары да, зиянды жақтары да бар ғой деп ойлаймын.  +Соны өздерінің өміріне керекті соны үлгі ретінде пайдаланып, әрі қарай дамытып пайдаланса, жастарға көп пайдасы тиеді деп ойлаймын.