Елімізде бұрын-соңды болмаған кастинг өтті

Елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды жоба «JARQYRA» республикалық кастингі өтті. Жобаға 18 жастан бастап өнерлі өңір тұрғындары қатысты. Кастинг таланттарды анықтауға және олардың отандық киноиндустрияға жол табуына бағытталған. Бұған дейін де Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бастамасымен отандық кино саласында бірқатар жаңа есімдер танылған еді.

ҚҰРМАНБЕК ЖҰМАҒАЛИ, ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Сүзгіден өткен азаматтарымызды біздің ұлттық киноны қолдау орталығының сайты бар, сол сайтта арнайы жинақтайтын платформа жарияланады. Қатысқан азаматтарымыздың видеосы, фотосы және анкетасы тұрады. Егер де анкета керек болатын болса, осы базадан қарап,талаптарыңызға сай келетіндей азаматтарды алсаңыздар болады деп ұсыныс тастаймыз.

БАҚДӘУЛЕТ ТАҢАТАР, ҚАТЫСУШЫ:

Әртүрлі режиссерлер бізге қарап, өзінің қойып жатқан дүниесіне келіп жатсақ, фактурамызбен келіп тұрсақ, онда ол біз үшін үлкен мүмкіндік. Біз фильмдрге түсе аламыз дегендей, сериалдарға.