Әлем чемпионатында 7 алтын алған қазақстандық боксшылар топтық тізімде көш бастады

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында жасындай жарқырады. Ливерпульде өткен додада 7 алтын, 1 күміс, 2 қола алып, командалық есепте бірінші орынға шықты. Алғашқы алтынды Санжар Ташкенбай қоржынға салды. Одан бөлек ағайынды Сабырхандар, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева жеңіс тұғырынан көрінді. Әйелдер құрамасының жеңісті жолын Наталья Богданова түйіндеді. Жарыстың соңғы айқасында Айбек Оралбай өзбек Жахонгир Зокировты тізе бүктіріп, жетінші алтынды қоржынға салды.  Мемлекет басшысы әлемдік аренада көк байрақты көкке көтерген былғары қолғап шеберлерін құттықтады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!