Оралда "Жайық жүйрігі" бәйгесі мәреге жетті

Оралда өткізілген "Жайық жүйрігі" бәйгесінде топ жарған қарағандылық шабандоз бас жүлде - пәтерді ұтып алды. Дәстүрге айналған Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты биыл кең ауқымда «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өтті. 1400 метрлік ұшқыр бәйгеде Оралдың тұлпары озса, топ бәйгеде топ жарған алматылық арғымақтың иесіне автокөлік сыйланды. Ауыздығымен алысқан сәйгүліктердің арасында әсіресе 11 шақырымдық құнан бәйгесі аса тартысты болды. Ақ жайықтағы сейістер сайысында еліміздің барлық өңірі мен Ресейдің Татарстан, Башқұртстан, Орынбор мен Челябіден келген атбегілер бақ сынады. Жүлделер төртінші, бесінші болып келген жүйріктерге де берілді.

БЕРІК ЕСЕНҒАЛИЕВ, БҚО БӘЙГЕ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бәйгеге қатысу географиясы кеңейді. Қазірде Ресей мемлекетінен, Башқұрт елінен келіп, бүкіл Қазақстан аттары қатысып жатыр. Ашық Батыс Қазақстан чемпионаты. Биылғы жүлде қоры бұрын-соңды болмаған қомақты жүлде қоры - 45 миллион жүлде қорын құрайды.  Биылғы жылы Жайық жүйрігіне қосымша классикалық, гладкий дейді, қысқа шабыс қосылып жатыр.