Әзербайжанда биыл шілдеде тойлар саны күрт азайды. 2025 жылдың маусымында 5 мыңнан астам неке тіркелсе, шілдеде бұл көрсеткіш 2694-ке дейін төмендеді, деп хабарлайды Astana TV.
Мамандар мұны туыстар арасындағы некеге тыйым салынғанымен байланыстырады.
Жақын туыстар арасындағы некеге тыйым салатын заң 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді. Жаңа ережелер ортақ атасы мен әжесі бар ағалы-іні, апалы-сіңлілердің, сондай-ақ биологиялық туысқан саналатын немере аға мен нағашы апалардың балаларына некеге тұруға тыйым салады. Бұл шешім тұқым қуалайтын ақаулармен туылған балалардың санын азайтып, дені сау ұрпақты қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Әзербайжан Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында 12 146 ажырасу тіркелген. Дегенмен, ажырасулар саны өткен жылмен салыстырғанда біршама азайып, 1000 адамға шаққанда 2,1-ден 2,0-ге дейін төмендеген.
Заңға қатысты тағы бір өзгеріс неке жасын төмендетуге рұқсат беретін нормалар да жойылды. Енді некеге тұруға өтініш білдіргендер туыстық дәрежесін анықтау үшін туу туралы куәлік пен ата-анасы туралы құжаттарды тапсыруы қажет. Ережелерді бұзу әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке себеп болады.