Биыл елімізде 11,6 млн тонна астық жиналды

Қазақстан өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр, деп хабарлайды Astana TV.

Астық және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды егіс алқабы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі күнге дейін 7,8 млн гектар немесе жалпы көлемнің 48,3%-ы жиналып, нәтижесінде 11,6 млн тонна астық бастырылды.

Сонымен қатар гектарына 357,4 центнер өнімділікпен 385 мың тоннадан астам қырыққабат, гектарына 422,7 центнер өнімділікпен 637 мың тонна пияз және гектарына 294,4 центнер өнімділікпен 187,2 мың тонна сәбіз жиналды.

Елімізден өткен жылдан бері 10,2 млн тонна астық экспортталды.