Ата-анасын қайтыс болды деп жалған хабар таратып, ақша жинаған

Астанада 35 жастағы тұрғын туыстарының өлімі туралы ойдан шығарылған ақпарат таратып, жұрттан ақша жинағаны анықталды.

Тергеу дерегінше, ер адам алдымен әкесінің, кейін анасының қайтыс болғанын айтып, жанашыр азаматтардан материалдық көмек алған. Алайда тексеріс барысында оның ата-анасы аман-есен екені белгілі болды.

Қазір күдіктінің кемінде 10 алаяқтық дерегіне қатыстылығы тексерілуде.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.