Мехикода 10 қыркүйек күні сұйытылған газ толтырылған автоцистерна жарылды, деп хабарлайды Astana TV.
Оқиға салдарынан мерт болғандар саны 15-ке жетті, 38 адам ауруханада жатыр. Бұл туралы Мексика астанасының денсаулық сақтау министрі Надин Гассман мәлім етті.
- Бізге тағы бір адамның мерт болғаны хабарланды. Осылайша, құрбандар саны 15-ке жетті, - деп келтірді Гассманның сөзін La Razon басылымы.
Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Мехиконың Истапалла ауданындағы жолайырығында сұйытылған газ құйылған көлік жарылды. 20-дан астам көлік жанып кетті, жақын арада тұрған ғимараттарға зақым келді.