Малайзияның Борнео аралындағы Сабах штатында жауған толассыз жаңбыр көшкінге ұласып, қайғылы жағдайға әкелді, деп хабарлайды Astana TV.
Төтенше оқиға Кота-Кинабалу қаласы маңындағы ауылдардың бірінде болды. Соңғы деректерге сәйкес, 11 адам қаза тапты, ал 1 788-ден астам тұрғын эвакуацияланды.
Аймақта 12 уақытша көмек көрсету орталығы ашылды.
Премьер-министр Анвар Ибрагим зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін қосымша 10 млн ринггит (шамамен 2,38 млн доллар) бөлінетінін мәлімдеді.