Павлодарда ірі көлемде есірткі таратқан екі бойжеткен ұсталды

Павлодарда ірі көлемде есірткі таратқан екі бойжеткен ұсталды. Жас шамалары 24 пен 25-тегі қыздар тыйым салынған затты дайындау, жасырумен айналысқан. Олар Жетісу облысынан Павлодарға арнайы келіп, есірткі қалдыруға арналған орындарды анықтапты. Осылайша кординатты кураторға хабарлап отырған. Бойжеткендерді тінту барысында жапсыруға арналған орамадағы синтетикалық есірткілер табылды. Одан бөлек үй-жайды тексеру барысында ірі көлемде есірткі партиясын сақтағаны белгілі болды.

ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Осы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда ұсталуда. Жедел қызметкерлерге қыздардың тыйым салынған заттардың айналымына қатысу туралы жедел ақпарат түсті.