Астанада тірі ата-анасын "жерлеп", ақша алмақ болған ер адам ұсталды. 35 жастағы қала тұрғыны алдымен әкесінің, содан соң анасының қайтыс болғанын айтып, жерлеу рәсіміне деген желеумен әріптестерінен қаражат жинаған. Ол сенімге кіру арқылы, адамдардың жанашырлығын пайдаланған көрінеді.
ЗУХРА РЫСҚАЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Тергеу барысында оның кемінде 10 алаяқтық әрекетке қатысы бар екені анықталды. Қазір ол ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша тергелуде. Полиция азаматтарды сақ болуға және күмәнді жағдайларды дереу хабарлауға шақырады.