Аудан тұрғыны танысын бопсалау арқылы қомақты ақша алған

Дәнікеннен құныққан жаман. Қостанай облысының тұрғыны өз танысын бопсалау арқылы бірнеше рет ақша алған. Күдікті ұсталды.

Танысынан бір жарым миллион теңге талап еткен жігіт -Федоров ауданының тұрғыны.  Ол бұған дейін де бопсалау жолымен  бірнеше рет қомақты ақша алған көрінеді.Шыдамы таусылған жәбірленуші полицияға жүгінді. Бір қызығы күдіктінің әйелі әлгі жәбірленушінің бұрынғы жары екен.Сондықтан ол осы жағдайды пайдаланып,әйелімен еріп келген баланы алға тартып түрлі сылтаумен ақша бопсалаған.  

БЕКЗАТ ЖАНБУРШИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы   күрес басқармасының қызметкерлері анықтағандай жанжал  тек қаржылық емес сонымен қатар отбасылық сипатқа ие болған. Шілде айында ол баланың әкесіне хабарласып, баланың  жол көлік оқиғасына кінәлі екенін айтып 750 мың теңге алған. Кейін жана сылтау ойлап тауып балаңды  полиция ұстады, ал мәселені шешу үшін 650 мың теңге қажет деген.Бопсалау бабы бойынша тергеуге алынды.