Тик-ток АҚШ қарамағына өтеді

АҚШ ақыры тик-ток әлеуметтік желісін Қытайдан сатып алатын болды. Танымал платформаның мәселесін екі ел шенділері Испанияда талқылады. Газа секторына да Трамптың жаны ашитын емес. Мемлекеттік хатшы Израильге барып, ХАМАС-ты толық жойып жіберуге көмектесетінін айтуда.Ал, Катарда Израильге қарсы саммит басталды. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Тик-ток жақын арада АҚШ қарамағына өтеді. Санкция саламыз, тіпті, бұғаттап тастаймыз деген қысыммен ақыры Трамп дегеніне жетті. Испания астанасы Мадридте қос тарап келіссөз жүргізіп, сату туралы алдын ала келісімге келді. Осыған дейін, республикалықтар да, демократтар да танымал әлеуметтік желіні АҚШ Ұлттық қауіпсіздігіне басты қатер деп белгілеген еді.

СКОТТ БЕССЕНТ, АҚШ ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Қос мемлекет басшысы осыған дейін тілдеске кездерінде осы мәселені ақылдасып, бір шешімге келді. Соның арқасында біз түрлі детальдарды ақылдастық. Жақын арада Президент Трамп пен Төраға Си тағы келіссөз жүргізеді деп күтілуде. Тағы бір айта кететіні, тик-ток мемлекетке емес, жеке компанияға тиесілі болады.

АҚШ енді келіссөздерге мүдделі емес. Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Израиль басшысымен кездесіп, толық қолдау көрсететінін білдірді. Ақ үй енді ХАМАС-тың толық жойылуын көздейді. Израиль басшысы Биньямин Нетаньяху қуанғанын жасырмай, Катарға соққы жасағанына өкінбейтінін жеткізді.

МАРКО РУБИО, АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Әр тұтқын еліне оралуы керек. Тірідей не өлі денесі болсын, қайтарылуы тиіс. ХАМАС-ты біз енді бір тарап деп келіссөздерге қатыстыра алмаймыз. Ұйым толықтай жойывлған кезде ғана, Газа секторының халқы тыныш табады.

Қатарда Израильге қарсы саммит өтті. Оған, тіпті, Иран басшысы келіп, Таяу Шығыстағы барлық мұсылман елдері жиналды. Қатысушы мемлекеттер толығымен ресми Дохаға қолдау білдіріп, Израильді айыптады.