Биыл БҚО-ның ауыл шаруашылығын қолдауға 56 млрд тг бөлінді

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығын қолдауға биыл 56 миллиард теңге бөлінді. Бірақ бұл қаржы тиімді пайдаланылып, орнымен жұмсалуы тиіс, дейді сала мамандары. Қазір өңірде егін орағы аяқталуға жақын.  Ендігі міндет - мал тұқымын асылдандырып, санын көбейту. Ет өндірісін ұлғайтып, ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін облыста 45 мың басқа арналған 16 бордақылау кешені жұмыс істейді. Сонымен қатар сүт-тауарлы фермаларын көбейтіп, халықты оралдық өніммен қамтуға көңіл бөлініп отыр. Сыйымдылығы 60 мың тоннадан асатын көкөніс қоймалары облыс халқын түгелдей дерлік қамти алады әрі сақталар өнімнің дені Оралда өсірілген. Ал азық-түлік қауіпсіздігі - әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі.

РҮСТЕМ ЗҰЛҚАШЕВ, БҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұрын-соңды болмаған 1 триллион теңге ауыл шаруашылығына бөліп жатыр. Ол деген өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы. "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша үлкен жұмыстар жүріп жатыр мемлекет тарапынан қаржыландырылып және агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды несиелендіру бағытында жұмыстар жүріп жатыр.