"Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады",-сарапшы

Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауында айтылған бұл бастаманы шымкенттік зиялы қауым өкілдері де құптайды.  Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінің стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Баршагүл Исабек өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйенудің тиімді тұсы көп деп санайды.  Қоғамдағы саяси –әлеуметтік мәселелерді өзгерту туралы Президент дер кезінде мәселе көтерді,- дейді тарихшы.

БАРШАГҮЛ ИСАБЕК, Ө. ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ:

Бұл –бір парламенттік жүйеге көшу деген мәселе алдыңғы қатарлы мемлекеттерде қолданылып жатқан мәселе. Енді осыған байланысты арнайы іс-шаралар жүргізілуі керек деген тапсырмалар берілді. Бір палаталы жүйе арқылы мемлекетті басқарудың бұл тиімді жақтары болады деген ойдамыз. Өйткені алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттерде бұл бір палаталы парламенттік жүйесі бар.