Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас жоспар аясында жылу электр орталығы, облыстық көпбейінді аурухана, Азаматтық қорғаныс академиясы және көпфункционалды спорт кешені салынып жатқаны жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Astana TV.
Бұдан бөлек, алпысқа жуық өнеркәсіп кәсіпорнына есептелген индустриялық аймақтың негізі қалануда.
Бас жоспардағы ерекше нысанның бірі – Қопа көлінің жағасында бой көтеретін заманауи іскерлік орталық. Онда тұрғын үй кешендері, бизнес және сауда орталықтары, әлеуметтік нысандар мен қоғамдық кеңістіктер орналасады.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жаңа құрылыс алаңдары және реновация бағдарламасы аясында 10 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілмек.