Жер жүзінде сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұр. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Cъезінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
- Бүгін Астана төрінде әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары бас қосып жатыр. Бұл біз үшін үлкен құрмет, зор мәртебе. Қазір жер жүзінде сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұр. Соның салдарынан түрлі қақтығыстар көбеюде. Алмағайып кезең ешкімге оңай болып жатқан жоқ. Өкінішке қарай, соғыстың сипаты мен болмысы белең алуда. Дегенмен, біз өткен заманнан дұрыс сабақ алып, сындарлы әрі ашық келіссөздерге ұмтылуымыз керек, - деді Мемлекет басшысы.
Президент мәмілеге балама жоқ екенін баса айтты.
- Бұл тұрғыдан алғанда бүгінгі съездің мән-маңызы айрықша. Дін басшыларын гуманистік көзқарастарды ту еткен бейбітшілік елшілері деп атауға болады. Сіздер ортақ мүдде үшін бірігіп, әлем жұртшылығын игі мақсат жолына жұмылдыруға ниет білдіріп отырсыздар. Баршаңызға шынайы ризашалығымды білдіремін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.