Елімізде 3 млн азамат несие алудан өз еркімен бас тартқан

Аталған қызмет ең алдымен алаяқтардан сақтанудың сенімді тетігі болып отыр.  

Кез келген Қазақстан азаматы Egov mobile қосымшасына кіріп, өз еркімен несие рәсімдеуге тыйым сала алады, деп жазады inbusiness.kz 

Egov mobile қосымшасындағы "Стоп кредит" қызметінің іске қосылғанына бір жылдан асты.

Осы аралықта 3 миллионнан астам отандасымыз несие алудан өз еркімен бас тартқан. Бұл шектеуді қалаған уақытында алып тастай алады.

Егер "бас тарту" батырмасын басқанның өзінде, алаяқтар амалын тауып сіздің атыңыздан несие алған болса, банктер бұл несиені сотсыз және тергеусіз есептен шығаруға міндетті болады.