Павлодар өрт сөндірушілері автобөлшектер дүкеніндегі өртті сөндірді

112 пультіне Толстой көшесінде орналасқан автобөлшектер дүкеніндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Дүкен 9 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған.

 Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері дереу аттанды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт толық сөндірілді. Өрттің тұрғын үйге таралуына жол берілмеді. Түтінді кетіру үшін өрт сөндірушілер түтін сорғыны орнатты. Газ-түтіннен қорғау қызметінің тобы тауарлық-материалдық құндылықтарды эвакуациялады.

 Өрт сөндірушілер келгенге дейін 18 дүкен қызметкері ғимараттан эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 11 техника, сондай-ақ жедел-құтқару жасағы, МАО (Медициналық авариялық отряд), 102 және 103 қызметтері жұмылдырылд