«Әлемдік аренада Қазақстанның бітімгерлік беделі артады», - дінтанушы

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезін өткізу арқылы Қазақстанның бітімгерлік беделі артады. Философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышқанұлы осылай дейді. Сөзінше, бұл әлемде теңдесі жоқ бірегей алаң. Әсіресе, қазіргі геосаяси ахуалдың ушығып тұрған жағдайында сан түрлі конфессия өкілдерінің басын қосып, бейбітшілікке үндеу жасау – маңызды миссия.

КЕҢШІЛІК ТЫШҚАНҰЛЫ, Л. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ДІНТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ:

Бұл лидерлер өздерінің артынан ерген миллиондаған адамға дұрыс бағыт-бағдар беріп, адамзаттың игілігіне жұмылайық деген үндеу тастайтын болса, менің ойымша, бақытты өмір сүруге мүмкіндік бар қазіргі жағдайда.

Ал дінтанушы Әл-Фараби Болатжан дін саласына жасанды интеллектіні енгізу туралы бастаманы қолдайтынын айтады. Ол кез келген технология адам игілігіне қызмет етуге тиіс деп санайды.

ӘЛ-ФАРАБИ БОЛАТЖАН, ДІНТАНУШЫ:

Дін саласына жасанды интеллектіні енгізу өте маңызды мәселе. Қауіп-қатер де жоқ емес. Оның алдын алу шараларын жан-жақты саралау қажет. Экстремистердің цифрлы технологияны, әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатынын ескерген жөн.