Алматыда жаңбыр суы асфальтты қопарып кетті

Алматыда толассыз жауған жауыннан көшелерді су басып, 10 балдық кептеліс туындады. Тіпті кей көшелердегі асфальтты қопарып кетті.  Салдарынан көліктер шұңқырға құлап, көше транспорт түгілі адам жүруге жарамсыз болып қалды. Сапасыз салынған жолға кім жауапты? Әкімдіктегілер не дейді? Алматыдан -Жомарт Түзелбай.

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Жаңбырдан жиналған су арықтардың арнасынан асқанымен қоймай, асфальттарды опырып, оннан аса көлікке зиянын келтірді. Мына апандай болып жатқан шұңқырлардан құрылыстың сапасыз болғанын бірден аңғаруға болады. Ал сапаны қадағалауға міндетті әкімдік, бар кінәні  мердігер компанияларға жаба салды.

Көше толықтай жабылды. Тұрғындар балаларымыз мектептен, өзіміз жұмыстан қалдық деп дүрлікті. Айтуларынша, көше бойында құрылыс болып жатқанына 2 жылдан асқан. 

БЛИЦ:

- Өздеріңіз ойлаңыздаршы егер жедел жәрдем келетін болса қалай  кіреді? Кешеден бері кіріп шығуға мүлдем мүмкіндік жоқ. 25 жыл болды осы көшеде тұрғаныма. Білмейм бұл қашан аяқталатынын.

- Мына жаңбыр түгілі сухой топырақтың өзінде жүру мүмкін емес. Аяғымыз шаң боп мына жаңбыр жауғалы даже машинамен шыға алмай жатырмыз. Машина түгілі жаяу шығудың өзі проблема боп жатыр. Аяғымызға пакет киіп шығамыз. Дальше не істейміз енді, кім жауапты бұған?

Жүргізілген тексеру барысында нөсер жауын кезінде абоненттік желілер траншеяларының шайылуы және топырақ негізінің жұмсаруы анықталды. Соның салдарынан жол жабындысында ойық пайда болып, асфальттың тұтастығы бұзылған.

ЕРМЕК ЖҰМАҒАЛИЕВ, ӘУЕЗОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Мердігер ұйым барлық болған жаңағы просадкасы бар. Келтірген қателіктері өзінің тарапынан жауапты. Ол жеке компания былайша айтқанда әкімшілікке қарамайды Әуезов ауданының сондықтан олардың жұмыстарының біз қашан аяқталатынын, нақты жұмыс жүру барысын қадағалай алмаймыз.

Зақымдалған көліктердің шығынын мердігер компания өтейді.  Ал әкімдік оны бақылауда ұстайды.